Бөлімдердегі қашықтықтан оқыту кезеңіндегі бейімделу айының қорытындылары

2020 жылғы 31 қазанда Ақпараттық жүйелер және менеджмент бөлімдерінде 13 оқу тобында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста келесі мәселелер талқыланды: 1. Қашықтықтан оқытудағы бейімделу айының қорытындылары; 2. Онлайн сабақтар мен бейнеконференцияларға қатысушылардың этикет ережелері. Күн тәртібі толығымен қамтылды. Ата-аналар қашықтықтан оқытудағы бейімделуге өз көзқарастарын білдірді.