Діни сауаттылықты көтеру жұмыстары

Дін – бүгінгі күні жалпы адамзат өркениеті мен мәдениетінің дамуына үлкен әсер етіп отырған әлеуметтік феномен. Бүгінгі күндегі дін саласына қатысты туындап отырған мәселелердің шешімі білім алушылар арасында діни сауаттылықты көтеру жұмыстарын қарқынды жүргізуді талап етуде.  Осы бағытта колледжімізге оффлайн режимге оқуға келген студенттерге экстремизмнің алдын алу жолдарын, сақтану жолдарын, сонымен қатар діни сауаттылығын арттыру мақсатында колледжіміздің тарих пәнінің оқытушысы Ешмагамбетов Бауыржан Сатылбалдыұлы 1-курс студенттерімен кездесіп, діни экстремизм белгілерін  ашып айтып, түсіндіру жұмысын жүргізді.  Барлық сақтық шаралары талапқа сай орындалды.