Жалпы қазақстандық ашық диктант

2021 жылғы 3 қыркүйекте этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!» тақырыбында жалпы қазақстандық ашық диктант өтті. Бұл республикалық іс-шараға біздің колледжіміздің 775 білім алушысы қатысты.