Колледжімізде Алматы қаласы мәслихатының депутаты Булекбаева Райхан Чантовна мен колледж директоры Тайтулеев Төлеуғали Мухамеджанұлының қатысуымен «Мемлекеттік басқару теориясы мен тәжірибесіне Тұңғыш Президенттің қосқан үлесі»тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Білім алушылар Елбасының мемлекет басқарудағы жетістіктеріне тоқталды. Алматы қаласы мәслихатының депутаты Булекбаева Райхан Чантовна білім алушылармен сұхбаттасып, өз алғысын білдірді.