«Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» МКҚК қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырған қалалық вебинар өткізілді. «Оқытушылардың өз білімін жетілдірудегі жұмыстарын ұйымдастырудың бір формасы – шығармашыл топтар»тақырыбындағы вебинар іс-шараға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Колледж оқытушылары: Исаханова Ш.Ж., Абилмажинова А.Ж., Ушурова Г.А., Адрасил А.Б., Бейсембай А., Мусабаева Ж.А. «Педагогикалық шеберлік», «Ізденіс», «Шығармашылық шеберхана» атты шығармашылық топтардың тәжірибесімен бөлісті. Вебинарға қатысушыларымен сессия топтарында CLIL және WORKSHOP әдістерін қолдану арқылы тәжірибелік жұмыс жүргізілді.

