1 қыркүйекте колледжде сабақтар дәстүрлі форматта басталды. Колледж директоры Т.Тайтулеев әкімшілік мүшелерімен бірге аудиторияларды аралап, бірінші курс студенттерімен танысты. Биылғы жылы колледжге республикамыздың түрлі өңірлері мен қалаларынан 498 бірінші курс студенттері келді. Төлеуғали Мұхамеджанұлы бірінші курс студенттеріне сенім мен дұрыс таңдау үшін алғысын білдіріп, оқуда табыс, жарқын студенттік өмір тіледі.
