Колледжімізде білікті маман даярлау сапасын арттыру, экономиканы сапалы
мамандармен қамтамасыз ету мақсатында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату,
өзара қарым-қатынасты нығайтуды көздейтін «Bılım, mansap, bolaşaq» жұмыс берушілермен
өткен форумға серіктес компаниялардың 50-ге жуық өкілдері қатысты. Форумның бірінші
бөлімінде Unconference форматында жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау
жөніндегі келіссөздер, іскерлік ойындар, пікірталас және тәлімгерлермен тренингтер
өткізілді. Ал екінші бөлім Aquarium форматында жұмыс берушілер мен кадрларды
даярлаудың өзекті мәселелері бойынша диалогтар, жетекші кәсіпорынның жұмыс
тәжірибесімен бөлісу, техникалық және кәсіптік білім беруді заман талабына сай дамытуды
жүзеге асыру бағытында еркін пікір алмасу болды.
Форум барысында колледжіміздің материалдық-техникалық базасына экскурсия
жасап, «Жас маман» жобасы аясында алынған жабдықтардың жұмысын көрді. Экскурсия
соңында «Garant Tranzit Plus» ЖШС-нің «жылу техникалық жабдықтар және жылумен
жабдықтау жүйелері» мамандығы бойынша жабдықтаған зертханасының ашылу рәсімін
жасадық.
«Алматы электр станциялары» АҚ-ның адами ресурстарды басқару бойынша оқыту
бөлімінің басшысы Айдаболова Арайлым Сатыбалдыкызы, «Алматы электрмеханикалық
зауыты» ЖШС-нің кадр бөлімі менеджері Жилкибаева Салтанат Сактаевна, «RG Brands
Kazakhstan» ЖШС «Ақсеңгір» филиалының CSD&HF өндіріс менеджері Канкожаев Мухтар
Абдихаликович, «Алма Телекоммуникейшен Казахстан» АҚ-ның директорының орынбасары
Турусбеков Данел Кайратович, «Janser HR academy» ЖШС директоры Кожабаев Хайрулла
Байдильдаевич және т.б. бірқатар қонақтар сөз сөйлеп, колледжіміздің студентерінің
тәрбиелі, білімі жетік екенін алға тартып, бірлескен жұмысымызға сәттілік тіледі. Сонымен
қатар өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларын өндіріс орындарынан
кәсіптік тағылымдамадан және білім алушыларды өндірістік тәжірибеден өткізу кезінде
жапондық Кайдзен тәжірибесі қолданылатыны да айтылды.
Өндіріс үшін кадрлардың негізгі провайдері – техникалық және кәсіптік білім беру
(ТжКБ) ұйымдары студенттерінен кәсіби құзыретті маман қалыптастыру мен білім беру
сапасын арттыру жолында басымызды біріктіретін іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Кездесуге уақыт бөліп келген серіктестерімізге үлкен алғысымды білдіремін және бәсекеге
қабілетті мамандар дайындаудағы жұмысымыз табысты болсын
деймін. https://drive.google.com/file/d/1sPm3mjYSdMCnbkqooyoN6ei0TD2Cs2G7/view
ЖММ-не арналған тренинг
ЖММ жұмыс жоспарына сай, математика пәнінің оқытушысы Мустафина Ш. А. жас мамандарға
Студенттік ғылыми конференция
Колледжімізде білім алушыларды заманауи ғылыми мәселелердің шешімін іздеуге баулу мақсатында физика пәні