IT саласында техникалық біліктер мен дағдыларды жетілдіру мақсатында энергетика колледжі «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Алматы қ. ТжКББ студенттері арасында конкурс өткізді. Бірінші тур 16 ақпанда INDIGO тестілеу жүйесін қолдана отырып, колледж сайты арқылы онлайн форматта өтті. Тіркелген қатысушылар саны 39, оның 11-і екінші турға өтті. Екінші тур 18 ақпанда өтті.
Екінші турда қатысушылар WEB-сайт жасап, компьютерлік геометрия мен графика бойынша тапсырмаларды орындады. Екінші турға келесі оқу орындарының студенттері қатысты: «Тұран» колледжі, Техникалық-экономикалық колледж, Аграрлық колледж, КазИТУ колледжі және басқалар.
Қатысушылардың жұмысын әділ бағалау үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жетекші сарапшысы Оразмұхамед Бекмұрат, және инженер – бағдарламашылар Әбсаламов Ердәулет, Мұсаев Нұрболат шақырылды.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
