Елімізде адам қиялына да кірмеген оқиғалар орын алды. Содырлар қару-жарақпен елімізге кіріп алып, көптеген өңірлерде бір мезгілде кәдімгідей майдан ұйымдастырды.
Осындай сәтте қоғамдық тәртіпті сақтау және елдің конституциялық құрылысын қорғау кезінде бірнеше полиция қызметкері қызметкер қылмыскердің қолынан қаза тауып, сақшылар мен Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ, арнайы органдардың әскери қызметшілері жарақат алды.
Терроризмге қарсы операция барысында Отанын қорғау жолында шейіт болған әскерилердің отбасына қайғырып көңіл айтамын. Алла рахымына бөлесін!