Ата-аналармен жиналыс

Өткен сенбі күні, колледж директоры Т.Тайтулеевтың қатысуымен 1 – курс  ата – аналаржиналасы өткізілді. Жиналыста директор білімалушыларды тәрбиелей отырып білім беру басты назарда екенін атап айтты. Психолог Серікбай М.Б. «Студенттерді педагогикалық-психологиялық қолдау» тақырыбында баяндама жасады. Қазіргі таңдағы буллинг, деструктивті мінез – құлық секілді өзекті тақырыптарды қозғай отырып, ата-аналарға ұсынымдар берді. Сонымен қатар, Алматы қаласы ЖПҚБ ЮПБ полиция капитаны Чайбекова Н.О мен полиция майоры Смаилова З.А. «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында сөз сөйледі. Ата – аналарға қылмыстық кодекстің баптары таныстырылып, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қозғалды.