16.11.20 ж. ЭЭС-201 тобында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет рухани мәдениеттің интегративті нысаны ретінде» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шара тәрбие жұмысы бойынша энергетикалық бөлім айлығы аясында өткізілді. Тәрбие сағаты барысында білімалушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениет ұғымдары туралы пайдалы ақпарат алды, сондай-ақ Сингапур, Швеция, Латвия сияқты шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы өздері хабарлама дайындады. Тақырып бойынша пікірталас және әлеуметтік бейнероликті талқылау білімалушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Жалпы, іс-шара қатысушылардың оң пікірлерін алды.