2021 жылғы 5 наурызда онлайн форматта Zoom қосымшасының көмегімен «Ардағым анам» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мерекелік атмосфера, жағымды эмоционалды көңіл-күй және ата-аналар, мұғалімдер мен балалар арасындағы ерекше байланыс сезілді. Студенттер аналарына шын жүректен тілектері мен ризашылықтарын білдірді. Колледж директоры Т.Тайтулеев студенттердің аналарына денсаулық, бақыт, жақсылық тілеп құттықтады!