“Ардағым – анам”

 05.03.2020ж.  колледжімізде “Ардағым – анам”  аналармен кездесу кеші өтті. Кездесуге ИС-190, МЭН-32 тобының аналары қонаққа шақырылып, сұхбат жүргізіліп, қазіргі қоғамдағы тәрбиеге қатысты сұрақтарға жауап алынды. Кездесу соңында аналарға дайындаған сыйлықтар тапсырылды. Аналар өз тараптарынан  тілектерін білдіріп жатты. Осындай жоғарғы деңгейде өткен кездесу кеші ананың күнделікті өмірдегі рөлін айқындай отырып, анаға деген құрметті арттырып, білім алушыларды мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеуді мақсат еткен болатын. Іс – шараға жауапты тұлғалар: әлеуметтік – экономикалық пән бірлестігінің оқытушылары Қ.Е.Солтабаева және Б.А.Алимусаева.