Бүгін колледжіміздің оқу залында «Өзін –өзі тану» пәнінің он күндігі аясында ұйымдастырылған, Сара Алпысқызының туған күніне арналған «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысымыздың мақсаты:
– жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата – анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерді қалыптастыру;
– білімалушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Сайысқа 1-2 курс білімалушылары қатысып өз өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша өлеңнің мазмұны мен орындау шеберлігі ең жоғары деген қатысушыларға жүлделі орындар бөлініп берілді.

