Музыка өнерінің атасы Аль-Фараби

         Бүгін Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Д. Құрманбек атындағы №20 колледж базасында «Түркістан облысының әдістемелік орталығы»  ТжКББ бөлімінің ұйымдастыруымен ұлы ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «әл-Фарабидің рухани мұрасы: әлеуметтік идеялар және адамзат өркениеті» тақырыбында Республикалық ғылыми- тәжірибелік онлайн конференция өтті. Конференцияға тарих пәнінің оқытушысы Ешмағамбетов Бауыржан Сатыбалдыұлы өзінің «Музыка өнерінің атасы –әл-Фараби» тақырыбындағы ғылыми-баяндамасымен қатысты. Бауыржан Сатыбалдыұлының баяндамасы өзге қатысушылар тарапынан қызығушылық тудырып, тың ақпараттар берілгені аталып өтті.