Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің мәжіліс залында аталған колледждің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі кеңесті ұйымдастыруымен Алматы қаласының Антикор ақпараттық ағартушылық штабының өкілі Б.Б.Рамазанмен @bek_ramazan кездесу өтті. Кездесу барысында колледжде сыбайлас жемқорлыққа байланысты «Адалдық алаңы» аясындағы өткізілген іс – шаралармен және “Саналы ұрпақ” студенттер клубының жұмысымен танысып, “телміріп тапқан теңгеден, талпынып тапқан тиын артық” деп бастаған әңгімесін адалдық пен әділдік төңірегінде өрбітті. Колледж ұстаздарына келешекте сана-сезімі мол, патриоттық рухы жоғары кәсіби мамандар даярлауда және студенттерге білікті маман болу жолында еңбектеріне нәтижелі болуына өз ықыласын білдірді.
