
2019 жылы 21-22 қарашада колледж институционалдық аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті. Аккредиттеу рәсімін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) жүргізді.
Аккредиттеу төмендегі бағыттар арқылы жүзеге асады:
– сыртқы ортаның талаптарына сәйкес колледждің ішкі ресурстарының сапасын арттыру және үздіксіз жетілдіру;
– білім беру үрдісінің тиімді менеджменті практикасына байланысты халықаралық және мәдениетаралық мәселелерді түсіну.
Оқу орнымызға 2024 жылдың 27 желтоқсанына дейін жарамды институционалдық аккредиттеу туралы Сертификат берілді.
Колледж ұжымына жаңа жетістіктер тілейміз!