Бүгін колледжімізде “Адалдық алаңы” жобасы аясында “Сот жүйесінің жұмысы және сыбайлас жемқорлықты болдырмау” тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге колледж басшысы, директордың орынбасарлары, колледж инспекторы және арнайы қонақ ретінде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының төрағасы Болатбек Әділханұлы Қатықбаев қатысты.
Кездесуде әділ сот жүйесі, жемқорлықтың алдын алу жайлы ойлар қозғалып, пікір алмасты. Қонағымыз студенттердің қойған сауалдарына жауап берді.