
10.02.2021ж. колледж студенттері арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойына орай «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында онлайн мәнерлеп оқу байқауы өтті. Қатысушылардың мәнерлеп оқуын, сахна мәдениеті мен сырт келбетінің үйлесімділігін директордың оқу-өндірісітік ісі жөніндегі орынбасары Шарипов Тұрарбек Нұрлыбекович, әлеуметтік педагог Тұрсынбаева Ақмарал Мырзабековна және колледж психологы Шынасыл Арайлым Мадиқызы құрамдағы қазылар алқасы бағасын берді, жоғарыдағы критерийлер басшылыққа алынды. Байқауға жалпы саны 17 білім алушы қатысып, қазылар алқасының шешімі бойынша нәтижелері мынадай болды :
Бас жүлде – Байгубаев Ерасыл, ИС – 180;
1-орын – Ұлыхан Нұршат, ЭЭС-200;
2-орын – Полатбек Зарина, ЭМЭН – 200;
2-орын – Ербол Айбек, ЭЭС -200;
3-орын – Асылбек Айбек, ЭЭС – 202 ;
3-орын – Дәулетов Дархан, ЭСН – 190.
Құттықтаймыз! Қатысушыларға алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!

