2021 жылғы 15 маусымнан 17 маусымға дейін 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша қорытынды аттестаттау емтихандары өтті. Бұл емтиханға бюджеттік негізде 64 білім алушы қатысты. Қорытынды аттестаттау емтихандары «ZOOM» қосымшасын қолдана отырып, онлайн режимде өтті. Барлық білім алушылар ұйымшылдық пен ұқыптылықты көрсетті, өткізу кестесіне сай өтті.
Онлайн режимінде емтихандар тапсыру барысында бұзушылықтар мен ауытқулар болған жоқ.