Joyteka-білім беру платформасын, flippity – онлайн-сервисті, сондай-ақ Zipgrade қосымшасын пайдалана отырып өз сабақтарыңызды қалай қызықты етуге болады? Арнайы пәндер оқытушылары А.Қалдыбекова мен Н.Оразбекова 2022 жылдың 15-желтоқсанда өткізген шеберлік сағатында осы сұраққа жауап беру мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік сағатына қатысқан оқытушылар осы құралдардың мүмкіндіктерін іс жүзінде бағалай алды.