«Әлеуметтік-экономикалық пәндер бірлестігінің» айлығы аясындағы «Мен – король монополистпін» экономикалық ойыны

      Бүгін 24 қараша күні 2021-2022 оқу жылының жылдық жоспарына сай, «Әлеуметтік-экономикалық пәндер бірлестігінің» айлығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Аскарова Жанна Жақсылыққызы мен арнайы пәндер оқытушысы Муса Мадина Мусақызы ЭЭС-190, ЭЭС-192, ЭЭС-1902,ЭСН-180 топтарының студенттерімен «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәнінен «Мен – король монополистпін» атты экономикалық ойын өткізді.
     Экономикалық ойын төрт топ арасындағы жеңіске жету құштарлығы мен бәсекеге толы,  мақсатына сай, тәрбиелік мәні бар сайыс болды. Жеңімпаз топ ЭЭС-1902 «Король монополист» атағын иеленіп, мадақтамасы табысталды. Сонымен қатар, «Үздік бизнес-модель канвасы» номинациясы ЭЭС-192 тобына, «Ең тәуекелшіл» номинациясы – ЭСН-180 тобының студенті Еркін Сымбатқа және «Үздік жарнама»номинациясы ЭЭС-192 тобының студентіҚорабай Абйлайханға табысталды.