Бүгін 11 қараша күні «Әлеуметтік-экономикалық пәндер бірлестігінің» айлығы аясында арнайы пәндер оқытушысы Аскарова Жанна Жақсылыққызының ЭМЕН-190 тобымен, «Энергоменеджмент» пәнінен «Бақылау мақсаты, процесі» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақ мақсатына сай, білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мәні бар сабақ болды. Ұстаз уақытты тиімді пайдаланып, сабақтың барлық кезеңінде білім алушыларды толық жұмыс жасатып, шеберлігін байқатты. Әсіресе, жаңа тақырыпты қызықты креативті, көрнекі тапсырмалармен беруіне байланысты, білім алушылармен жағымды, тығыз байланыс жасай алды. Нәтижесінде, білім алушылар сабаққа шынайы қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты
Ашық сабаққа қатысқан барлық ұстаздар өз пікірлерін, осындай ауқымды тақырыпты ашу жайлы ұсыныстарынбілдіріп, ұстаздың сабақта эмоционалды еркін, өзіне сенімді, білімін көрсетіп, шығармашылық атмосфера орнатқанын айтып, алғыс білдірді.