ҮМІТ ҰЯЛАТҚАН ЖОЛДАУ

      Бұрынғы жолдаудан өзгеше жолдау. Қайғылы қаңтар оқиғасынан кейін үміт пен күдік араласқан кезеңде бұл жолдау үміт отын маздатқан жолдау болды. Күрделі геосаяси жағдай мен ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығына қарамастан, саяси реформалар болады. Оның кепілі – Мемлекет басшысы. Жолдаудың негізгі сарыны – осы.
    Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің ұжымы әдеттегідей бұл жолдауды да асыға күтті және арнайы бас қосып талқылау жасады. Модератор болған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Магазов Ербол Джаруллаевич үлкен әрі аса маңызды саяси стратегиялық жоспарды айқындап берген жолдаудың нақты бағыт-бағдарына шолу жасап, маңыздылығына баса мән берді. Ары қарай жолдауда көрсетілген 10 бастамаға жеке-жеке тоқталып, баяндамалар жасалды.


БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР