«Үздік педагог -2023»

2023 жылдың 6 желтоқсан күні Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту Министрі Ғани Бейсембаев » Үздік педагог -2023″ Республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады. Республика бойынша 64 жеңімпаз мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұстаздары болып табылады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып жеңіске жеткен
Алматы Мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы – Серикханова Акбота Берикхановна «ҚР Үздік педагогы» атағына ие болып, Министр Ғани Бейсембаевтың қолынан Үздік педагог төсбелгісімен ,куәлікпен және қаржылай сертификатпен марапатталды.
Алматы қаласының абыройын Республикалық деңгейде асқақтатқан ұстазымызды үлкен жеңісімен және лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз