«Қызды тәрбиелегенің – ұлтты тәрбиелегенің» атты қыздар байқауы
15.04.22ж. «Қарлығаш» қыздар клубының ұйымдастыруымен, мәдени мұраны, салт-дәстүрді, тарихты, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, насихаттай отырып, қазақ қызының бойында қалыптасуына жағдай жасау мақсатында «Қызды тәрбиелегенің – ұлтты тәрбиелегенің» атты қыздар байқауы өтілді. Байқау нәтижесі бойынша, І-орынды ИС-190 тобының білім алушысы Қоныс Ж., ІІ-орын ПО-210 тобының білімалушысы Аманжолова М., ІІІ-орынды РЭТ-210 тобының білім алушысы Самат Д. иеленді.