Қорытынды аттестаттау

7-21 маусым аралығында 0901000 «электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары», 0902000 «Электрмен жабдықтау» мамандықтарының бітіруші топтарында кешенді емтихандар түрінде қорытынды аттестаттау өткізілді. Қорытынды аттестаттау рәсімі ZOOM қосымшасы арқылы қашықтықтан өткізілді, хатшылар аттестаттауды өткізу қағидаларының сақталуына бақылау жүргізді. Студенттер тарапынан бұзушылықтар болған жоқ. Мемлекеттік Біліктілік комиссиясының мүшелері түлектердің үздік дайындығын атап өтті. Түлектерімізге сәттілік пен табыс тілейміз!