Экстремизм мен терроризмнің алдын алу

14.10.2022 жылыАлматы қаласы Діни істері Басқармасы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ Бас мамандарымен «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында  кездесу өтті. Кездесу қонағы:Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушысы, мәдениеттанушы, дін танушы Кудерина Айжан Нурхамитовна. Кездесудің мақсаты: терроризм мен экстремизм, оның алдын алу туралы түсінік беру. Айхан Нұрхамитқызы экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ жұмыстың негізгі бағыттары мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.