Футбол турнирінен жеңген команда, баспана кілтін табыстады

2011жыл. Төрт бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыпты жол апатына түсті. Отағасы сол күні келместің кемесіне мініп кетіпті. Жесір қалғанынан хабарсыз жары, бас сүйегі жарылып, 1 жылес-түссіз жатқан… Сынақ сағын сындармаған жан, бүгінбала-шағасының болашағы үшінең бекетіп, ел қатарлы күн көріп отыр. Бірақ тапқан-таянғаны киім-кешекпен азық-түліктен артылмай тұр.  Шымкент қаласында кіші футболдан өткен республикалық турнир аясында, «Харекет» қайырымдылық қоры Аягөз қаласының тұрғыны АйнұрАмироваға қордың № 505-  баспана кілтін табыстап қуантты. Сынаққа сабыр еткен ананың қуанышына ортақпыз! «Футбол турнирінен жеңген команда, баспана кілтін кезексіз табыстайды» деп «Харекет» басшылығы мотивация бергенеді. Сол мүмкіндікті мүлт жібермеген Алматы мемлекеттік Энергетика және электронды технологиялар колледжінің студенттері, яғни, Аягөз жастарына және әрдайым жастарды қолдап, жақсылықты насихаттап жүрген колледж директоры — Төлеуғали Мұхаметжанұлына алғысайтамыз!  

https://www.facebook.com/100046122321791/posts/433669498180457/?d=n


БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР