Тұран университетіне экскурсия

Колледжіміздің білім алушы  ПО-211, ПО-212 топтары Тұран университетіне экскурсия жасап қайтты. Экскурсия барысында ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі экономика ғылымдарының докторы-профессор Байкенова Лаура Маратқызы балаларды университет тарихымен, жаңа технологияларды қолдану әдістерімен таныстырды. Ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы Молдақалықова Баян Жоямергенқызы робототехника зертханасына экскурсия жүргізіп, онда ұсынылған роботтардың қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Экскурсия білім алушылар үшін танымды, әрі қызықты болды.