«ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ҰЛТ ТАҒДЫРЫ!»

С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры!» атты тақырыпта кездесу кеші ұйымдастырылды.

Кеш қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, тіл жанашыры Асылы Осман қатысып, тіл және ұлт тағдыры, мемлекеттік тіліміз – Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қоғамда қолданылу аясын кеңейту, т.б. өзекті мәселелер жөнінде әңгімеледі. Кешке суретші, журналист Е.Нұразхан, Алматы музейінің жетекшісі Б.Тайшеев, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» Мәдени-ағарту бөлімінің жетекшісі Айя Русланқызы қатысып, пікір қосты.

Кеш барысында белсенді студенттеріміз Н.Түсіп, Ә.Нұрасыл мәнерлеп өлең оқыды, Н.Ақылбекұлы, Б.Әлғожа, Д.Орынбай күйден шашу шашты. Кешті «Алматы қаласы музейлер бірлестігінің» аға ғылыми қызметкері Ә.Қайырбеков жүргізді. Шараға зиялы қауым өкілдері, музей қызметкерлері, оқытушылар, студенттер қатысты. Қонақтарға «Мұқанов хатханасы – Письмотека Муканова» және «Мүсірепов хатханасы – Письмотека Мусрепова» хаттар жинағы сыйға берілді. Кеш соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Құрмәнәліұлы және Музей кешенінің жетекшісі А.Кошербаева өзара ынтымақтастық туралы келісім жасасты.