Бүгін колледжіміздің мәжіліс залында тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара өтті. Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту; білімалушыларға өз ана тілдерінің маңыздылығын түсіндіре отырып, оны құрметтеуге, сол тілде қарым-қатынас жасауға тәрбиелей отырып, олардың адамгершілік, рухани, патриоттық сезімдерін ояту, басқа тілдерді үйренуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Өнерлі білімалушыларымыз өз өнерлерін ортаға салды; олар әр тілде өлең оқыды, ән айтты. Күмбірлеген домбырамен күй тартып ,майысып билеген биші қыздарымыз көрермендер көңілінен шықты.