21.10.21ж.Ақпараттандыру және жаратылыстану ПЦК айлығы аясында арнайы пән оқытушысы Оразбекова Н.М. «Білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау жүйесі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Іс – шараның басты мақсаты-әріптестерге қазіргі бағалау жүйесімен, яғни бағалау түрлері туралы ақпарат беру, оқу, оқытудың сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру, шетел мен еліміздің бағалау принциптерін анықтау, цифрлық білім беру ресурстары негізінде оқыту барысында бағалауды ұйымдастыру.