Психологиялық тренинг

           Бүгінгі танда, әрқайсымыздың жұмысымыз өміріміздің көп бөлігін алатыны шындық. Сол жұмысқа жағымды көңіл-күймен бару немесе жұмыстанүйге сондай көңіл күйде қайту, ол-үлкен бақыт. Жағымды көңіл-күйдіорнатукейде тек өзімізге ғана байланысты бола бермейді. Әсіресе жұмыстағы моральдық-психологиялық климатқа әріптестеріміздің де әсері бар.
          Бүгінгі колледж психологы Серікбай Мадина Базарбайқызының өткізген «Ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық климат – нәтижеліқарым-қатынас негізі» тақырыбындағы тренингі әріптестер арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, бірін-бірі толығырақ тануға өзсептігін тигізді. Тренинг ұжымдастар тарапынан жоғары бағаланып, Мадина Базарбайқызына осындай тренингтерді жиі өткізіп тұру ұсынылды.