Бүгін оқу жылының соңғы педагогикалық кеңесі өтті. Онлайн-жиналыс ZOOM қосымшасы арқылы ұйымдастырылды, оған колледждің барлық педагогикалық ұжымы қатысты. Жиналыста студенттердің үлгерімі мен білім сапасы бойынша бөлім меңгерушілерінің есебі тыңдалды. Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары А. О.Ахметказина , директордың ӨЖЖ жөніндегі орынбасары Т. Н. Шәріпов баяндама жасады. Колледж басшысы Т.Тайтулеев колледж ұжымына қашықтықтан оқыту кезеңінде жемісті еңбегі үшін алғыс айтып, барлығына жақсы демалыс тіледі.

