Колледжімізде тіл және әдебиет пәндер бірлестігінің кезекті айлық жоспары бойынша 14.04.2021 ж. «Қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылармен кері байланыс жасау» тақырыбында онлайн семинар-тренингі өтті. Семинарды қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары Айханқызы Г., Молдагужина Д.Т өткізді. Іс-шара ZOOM платформасында колледж ұстаздарының қатысуымен өтті. Онлайн семинарға қатысушылар заманауи білім берудің өзекті тақырыбы бойынша мазмұнды ісшараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыстарын білдірді.
