Онлайн кәсіби бағдарлау

Кеше колледж оқытушылары Алматы қаласының оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Пандемияға байланысты бұл бағыттағы жұмыс екінші жыл онлайн режимде жүргізілуде. Барлығы қала мектептерінен 66 оқушы қатысты. Онлайн кездесу барысында оқушылар колледж мамандар даярлайтын мамандықтармен, мамандықтарға қойылатын талаптармен және еңбек нарығындағы білікті кадрларға қажеттіліктермен танысты.