26 қазандаколледж фойесінде қайырымдылық жәрмеңкесіөтті. Іс-шараның мақсатыбілім алушыларда рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтардың қалыптасуына жағдай жасау, білім алушыларды белсенді шығармашылық қызметке тарту, әлеуметтендіру.Жәрмеңкеге колледждің білім алушылары қатысты.
Жәрмеңкеге қолдан жасалған қолөнер, тоқыма бұйымдары: гобелен, кестелеу, құрақтар, ұлттық ою-өрнектері бейнеленген түрлі бұйымдар; жаңа жылдық ертегілерден кейіпкерлер; қағаздан жасалған бұйымдар: оригами, аппликация, папье-маше; қолдан пісірілген тәтті тағамдар түрлері: бауырсақ, тоқаштар, торттар және т.с. с. заттар қойылып, қолжетімді бағаға сатылды.
Жәрмеңкеден түскен қаржы колледжде оқитын көмекті қажет ететін білім алушыларға берілді.Үздік топтар дипломдармен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/CVhov0gDE02/?utm_medium=copy_link