Кезекті еңбек демалысы кезінен бастап колледжіміздің 113 қызметкері «Талап» КЕАҚ ұйымдастырған «Педагогтардың ІТ құзыреттілігін дамыту және жетілдіру» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өтті. Сондай-ақ жалпы білім беру пәндерінің 37 оқытушысы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде курстарды аяқтады. Курстарды педагогикалық шеберлік орталығы ААҚ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ұйымдастырды. Колледждің 40 қызметкері SKLAD білім беру платформасында онлайн өткен «Халықаралық кәсіптік білім беру практикасы» тақырыбындағы 5 вебинардың қатысушылары болды. Қазіргі таңда оқытушыларымыз курстарда алған білім мен тәжірибелерін оқу үдерісіне енгізіп, сабақ барысында пайдалануда.