Бүгін 21.09.2020 ж. Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты халыққа жолдауының талқылауы өтті.
Колледж директоры, Т.Тайтулеев, қашықтықтан оқыту кезеңіндегі білім саласына жүктеліп отырған жауапкершілікті басты назарға ала отырып, қашықтан оқыту ісін ұйымдастырудағы басты мәселе – білім сапасы екеніне ерекше тоқталып өтті.