«Студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі»

Бүгін 18.09 2020 ж. колледжіміздің әдістемелік бөлімі «Студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік  жүйесі» тақырыбында оқытушыларды техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік  жүйесі нұсқаулығымен таныстыру мақсатында жиналыс өтті. Жиналыс онлайн форматта, ZOOM бағдарламасында өткізілді. Өткізілу уақыты алдын ала келісіліп, сабақтардың аяқталу уақытына қойылды. Жиналыс өз деңгейінде өтіп, тақырыпқа қатысты сұрақтар талқыланды және жұмыс барысында туындаған әр түрлі мәселелер қаралды.