2020 жылдың 11-12 маусымында 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша дипломдық жобалар Zoom қосымшасының көмегімен қорғалды. Дипломдық жобаларды қорғау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына және оқу процесінің кестесіне сәйкес ұйымдастырылған.
Комиссия мүшелері келесі студенттердің дипломдық жобаларын ерекше атап өтті: Газарян А., Байгонов Т.Д., Батыргиреева Е.Д., Ерлесова Н.А., Черепанов Н.А., Воронина С.В., Карлыбай С.Б., Меке С.Д., Маханбетов Д.Е., Токобай Д.Ю., Нурмаханов А.Ж.
Комиссия мүшесі О.К. Бекмұрат мырза студент Нурмаханов Арнурдың «Telegram жүйесінде ақпараттық Bot жасау» атты еңбегіне тоқталып, оның кәзіргі кездегі практикалық маңыздылығын атап өтті. Ол бұл жобаны талапкерлермен байланыс орнату және олардың деректерін жинау үшін колледждің қабылдау комиссиясының жұмысында пайдалануды ұсынды.