Колледжімізде 25-30 наурыз аралығында білікті ұстаздарымыз өз тәжірибелерін барынша ортаға салған «Жыл мұғалімі-2021» байқауы өтті. Байқау жас мамандарымызға үлгі, өнеге алуға мүмкіндік берсе, аға буын ұстаздарымызға өз еңбек жолына бір сараптама жасап, жұмыстарының нәтижесін саралауға мүмкіндік берді. Осы байқауда өз еңбегін нәтижелі көрсетіп, жеңіске жеткен ұстазымыз Караева Бақыт Сержанқызын құттықтаймыз!!!
