ЖММ-не арналған тренинг

ЖММ жұмыс жоспарына сай, математика пәнінің оқытушысы Мустафина Ш. А. жас мамандарға «Кері байланыс және рефлексия» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты- педагогикалық өтілін енді ғана бастап жатқан жас мамандарға оқу сабақ жоспарын жасауға көмек ретінде кері байланыс тәсілдерін, олардың түрлерін таныстыру. Сондай-ақ кері байланыс пен рефлексия жүргізудің табысты оқытушыға айналудағы маңыздылығын түсіндіру.