Колледжімізде білім алушыларды заманауи ғылыми мәселелердің шешімін іздеуге баулу мақсатында физика пәні бойынша жаратылыстану-математикалық пәндер ПЦК айлығы барысында ғылыми-конференция өткізілді. Конференцияға 1,2-курс білім алушылар арасынан 13 білім алушы қатысты. Қатысушылар заманауи өзекті мәселелерді көтере отырып, олардың тиісмді шешім табуына өз көзқарастары мен ойларын білдірді. Нәтижесінде конференцияға қатысқан комиссия мүшелерінің шешімімен
I-орынды ПО-220 тобының білім алушысы Бақытбек Нұрсұлтан, II-орынды ЭО-224 тобының білім алушысы Аширбек Абылай мен ЭО-221 тобының білім алушысы Семенов Иван иеленсе III-орынды ЭО-220 тобының білім алушысы Мәсімжан Данияр мен РЭТ-221 тобының білім алушысы Наурузов Ибрагим иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!