“Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-ұран”

05.02.2024ж. Бүгін З.Кусаинова ЭТМ-220 тобымен “Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-ұран” атты ашық тәрбие сағатын өткізіп, Ауған соғысының ардагері Карбаев Мәтсерік Түзелбайұлы мырзаны шақырып “Сыр-сұхбат” кездесу өткізді. Ардагер Мәтсерік Түзелбайұлы Ауған соғысындағы естеліктерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап беріп, өнегелі өсиет айтты. Білім алушылар тәрбие сағатынан жақсы әсер алды.