Республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі мен Алматы қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 10 наурызында Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысқандар: Республикалық «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұратұлы Таумұрат, ҚР Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Қанат Асембайұлы Салимбаев, Алматы қаласы білім басқармасының бөлім басшысы Ерик Мырзағалиұлы Абишаев, ҚР Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Айгерім Жеңісқызы Абилова, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің комплаенс офицері Бауыржан Ғаббасұлы Чукумов және Алматы қаласындағы мемлекеттік колледждерінің директорлары (22 адам) қатысты.
Дөңгелек үстел 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасынан басталды. Ары қарай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жоспардың орындалу барысы, «Sanaly urpaq» клубтарының атқарған жұмыстары және алдағы міндеттері, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің комплаенс офицерінің атқарған жұмыстары туралы ақпарат, «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандарты мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстел барысында баяндамашыларға сауал қойылып, пікір алмасулар болды. Соңында дөңгелек үстелге қорытынды жасалды.