«Дуалды оқыту жүйесіне» шолу бейне-конференциясы

2021жылы28мамыр  «өндірістік оқыту шеберлері» бөлімінің айлығы аясында «Дуалды оқыту жүйесіне» шолу бейне-конференциясы өтті. Бейне-конференциябарысындаөндірістік оқыту шеберлеріЖалғасбаев Нұрсұлтан, Көбеген Диана, Рахманов Алишер, Муфтигазин Сырымжәне ЭЭС-1802, ЭЭС-2000 тобының білім алушыларымен қатар, КИПиА тобының түлегі Акетай Есей осы дуалды оқыту жүйесі бойыншатолық шолу жасады. Сонымен қатар, білім алушылар өндіріс орындарында тәжірибе қалай өтеді, артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталды. Бейне-конференция қонағы  Акетай Есей колледж оқытушыларының дуалды оқыту жүйесі бойынша сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта біздің колледж білім алушыларын өз жұмыс орны «RG BRANDS»-ке шақырды. Қатысушылар, колледж оқытушыларыбейне-конференциятуралы оң пікірлерін білдірді.