Бүгін «Арман» бастауыш партия ұйымының жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде келесідей мәселелер көтерілді.
- «Арман» БПҰ-ның 2019-2020 жж. жұмысы мен алдағы уақыттағы қызметі туралы;
- Бастауыш партия ұйымы төрағасы мен орынбасарын қайта сайлау туралы;
- «NurOtan» партиясы Әуезов аудандық филиалының кезектен тыс конференциясына делегат таңдау туралы.
Бірінші мәселе бойынша, 2019-2020 жылғы БПҰ қызметі жөнінде БПҰ төрағасының орынбасары Т.Н. Шарипов сөз сөйлеп атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Жиналыс қабылдаған шешім бойынша:
«Арман» БПҰ-ның 2019-2020 жж. жұмысы қанағаттанарлық деп табылды.
Бастауыш партия ұйымы төрағасы мен орынбасарын қалдыру бірауыздан құпталынды.
«NurOtan» партиясы Әуезов аудандық филиалының кезектен тыс конференциясына Шарипов Турарбек Нурлыбекович делегат болып таңдалды.