«Білім алушылардың құқықтық мәдениетінің дамуы- кемел болашақ кепілі»

13 сәуір 2021 жылы сағат 15.00-де колледждің 1 курс білім алушыларына «Білім алушылардың құқықтық мәдениетінің дамуы-  кемел болашақ кепілі»  семинары ұйымдастырылды.Семинар  мақсаты : білім алушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету.  Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру.